ертегі құрау коптик жалгаулары бар және тауелдик Берем 30 МИНУТА ОТВЕТ БЕРСЕН

сана24 сана24    3   17.09.2021 06:10    0

Ответы
nik123red nik123red  17.09.2021 06:20

Көңілінде махаббатқа деген талпынысы күн сайын артып, шырын қиялға шоматын болыпты. Ақыры ол өз бақытын табу үшін орманға кірмек болыпты. Мұны естіген Сұр көжек оны іздеп келіпті:

- Ақ көжек, орман іші тым қатерлі. Онда көптеген жыртқыш аңдар өмір сүреді. Оның үстіне сен онда өзің ұнатып жейтін сәбіз де өнбейді. Қиналасың ғой?..

- Алаңсыз бол. Мен жетерлік азық-түлік алдым. Ашықпаймын, - депті де, тәкәппар Ақ көжек еш елеместен сөмкесін асынып, өз жолына түсіпті. Сұр көжек амалсыздан, қимастықпен ол кеткен жолға қарап үнсіз қалыпты.

Ол орман ішінде ұзақ жол жүріпті. Қарыны ашса, арқасындағы сөмкесінен сәбіз алып жеп отырыпты. Сонда да оның алған азығы еш таусылмапты. Күндердің бірінде, ол бір Бөріге кездесіпті. Бір көріп, оның келіскен келбетіне, қауқарлы тұлғасына қарап ғашық болған Ақ көжек оған көңілін білдіріпті.

-  Болмайды, - депті Бөрі, - менімен бірге болу сен үшін қатерлі.

-  Қорықпаймын. Жанымда тек сен болсаң болғаны, мен ештеңеден де қорықпаймын.

Бөрі сүйіп тұрмаса да, мына сүйкімді көжектен айрылып қалғысы келмей мақұл болыпты. Ол Ақ көжекті басқа бөрілерден қорғап жүретін болыпты. Ақ көжек те өзін тым бақытты сезініпті. Оның сөмкесіндегі сәбіз де таусылмапты. Бірақ күндер өте келе басқа бөрілер «Біз қасқыр текті жыртқыш халықпыз. Біздің ортамызда бір әлжуаз қоянның болғаны жараспайды» деп ақыл салыпты. Сонымен өз ортасының салт-дәстүрін ұстанған бөрі Ақ көжектен айрылысыпты.

Қайырымсыз махаббаттан жүрегі жаралы болған көжек көз жасын көлдете отырып тағы да сапарға шығыпты. Махаббаты баянсыз болғанымен, ол азықтан еш қиналмапты. Өйткені, оның сөмкесіндегі сәбіз қашан да таусылмайды екен. Ол жолда тағы бір алып Аюға кездесіпті. Ақ көжекті бір көріп, ғашық болған .

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi