Ертеде жылқы Күнге қарап: - О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім дебілемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.

- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.

- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойнымаққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқала ру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.

- Күте тұр, - дейді Күн күліп.

Жылқыға Күн түйені алып келеді.

- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындайболғың келе ме? - деп сұрайды Күн.

Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.

- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.

- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.

1- тапсырма.Мәтінге тақырып қойыңыз(озоглавь текст)
- тапсырма. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз
/ответь на вопросы по содержанию текста.
1. Жылқы нені армандайды?
[1]
2. Күн жылқыға қай жануарды алып келеді?

bestia1954 bestia1954    3   28.10.2020 09:18    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi