Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды. Ілеге құда түсушілер келе бастайды, бірақ Іле олардың
бірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды. Сол елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-
жақыбайлардың сөзін сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді.
Бірде Балқаш бай үлкен ас береді. Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге тимеген палуандар
белдеседі. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бір-біріне тәнті болған екі жас тек іштей
ұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталға
ерекше ілтипат көрсетуінен қатты шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт тек
байлықта деп ұғады. Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол -
өзінің кедейлігі еді.
Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат бермек түгілі жігіттің
атын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал ауылдан қашып шығады. Қызының кедей
жігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қаратал
қуғыншылардан құтылмасын біледі де, әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: «Әке, мен
тек Қараталды сүйемін. Өмірде байлықтан жоғары күш бар. Ол – махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғыз
тілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеумізді бірге жерле», - дейді
де, биік құздан етекке құлайды.
Қаратал кімге ғашық болады?
қаратал бұл кедей бала мәтінде айтып тұрғандай.енді балқаш байдың қызы.жауабы әрине қаратал мен балқаш бір бірін шын сүйеді.айтарлықтай қаратал балқашқа байдың қызына ғашық болады.