Ертеде бір жетім бопты… - деп аян екінші ертегісін бастады.сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар.. ғажап ертегілер еді… дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір ға тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол аянның ертегілерінде болушы еді. аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара борбай бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді..идеясы кандай