Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен. — Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты. Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді. — Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді. — Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық? — Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт. -Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын. — Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің? — Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт. — Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді. Найдите наречия и определите их вид