Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құйрық жүні ұзын кезде уайымсыз жалқаулардың бірі: О, Жаратқан ием-ай, жарық дүниеге әдейі әкелген соң, дәулеті шалқыған бай етіп жаратсаң етті. Жалғанды жалпағынан басып, шалқып өмір сүретін жасымда ішсем – тамаққа, кисем – киімге жарымай жүрген түрім мынау! – деп уайымдап, қайғырып отырыпты. Оның бұл мұңын естіп қалған бір ақсақал: — Қарағым, сен несіне қайғырасың? Байлықтың бәрі өзіңде тұр ғой, - депті. Ақсақалдың сөзін өзін мазақтағаны деп түсінген жігіт: - Сіз қайдағы байлықты айтып тұрсыз? - деп ашуланыпты. Ақсақал: — Екі көзіңді маған сатшы. Қалағаныңша алтын мен күміс берейін! – дейді. Жігіт одан да қатты ашуланып: Екі көзден айырылғаннан кейін сіздің алтын-күмісіңіздің керегі не? Ондай байлығың өзіңе! – депті. Осылайша ары қарай он екі мүшесіне біртіндеп саудаласып, сұрай бастаған ақсақалға әбден ашуы келген жігіт: - — Ат басындай алтын берсеңіз де, ешқайсысын сатпаймын! Өйтіп мүгедек болар жайым жоқ! – деп кесіп айтады. Сонда барып ақсақал: — Е, балам, ендеше, адамның ең қымбат байлығы – денінің саулығы! Сен сияқты он екі мүшесі түгел адам – бай адам. Оны ешқандай байлыққа, алтын мен күміске айырбастап ала алмайсың! – деген екен. 2."Ойлан,жұптас,талқыла"әдісімен оқылым материалды негізінде қорытынды пікір жазыңдар

dreamsk831 dreamsk831    2   12.10.2021 03:42    16

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi