"Ер- елінің қорғаны" напишите эссе на эту тему ​

nstratonova nstratonova    3   29.04.2021 13:02    0

Ответы
nek444 nek444  29.04.2021 13:10
Сан ғасырлық тарихымызда қаны қазақ деп мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, ұрпаққа өнеге етіп көрсетер, ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен, Отаным деп аянбай тер төккен ұлы тұлғалар қазақ елінде жетерлік. Бүгінгі біздің мақсат сондай ұлы тұлғаларды өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсетіп, ерлігін дәріптеу. Ондағы басты ой елімізде осындай ер мінезді тұлғалардың болғандығын көрсетіп, атын мадақтау ғана емес. Батыр ол әрқашанда батыр болып қалады. «Адам мәңгілік жасамайды, мәңгілік жасайтын оның артындағы ісі» демекші, ер тұлғалы азаматтарымыздың өзі өлсе де, аты өлмек емес. Яғни, біздегі басты мақсат, елге берген еңбегі тек көзі тірісіндегі ісімен тоқтап қалмай, сол батыр бейнесін таныту арқылы ұрпақтарымыздың жүрегіне патриоттық сезімді ұялата отырып, нағыз елім дейтін ерлерді тәрбиелеуге ықпал ететін ерлік символын жасау . Демек, біздің батыр бабаларымыз сол кездегі еңбегімен ғана емес, сонымен қатар қазіргі таңда ерлік символы ретінде де әлі күнге дейін елге орасан зор пайда беріп жатыр деген сөз.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi