Ендігі барлық бақытым, көрер қызық, кешер қуанышым отыз үш деген екі сөзге тірелгендей болып, есіктің жоғары жағына жа-зылған екі цифрға ентелей қарап, күлімдеп тұрмын. Бойым жетсе, қолымды созып, өзім үшін өзгеше ғажап бұл цифрды сипағым да келетін сияқты. Өйткені мен төрт жыл бойы жеңісті арман еттім. 9 мамырда батыста неміс фашистері тізе бүкті, 3 қыркүйекте шығыста жапон империалистеріжеңіліп, қол көтерді. Отан үстінде жеңіс туы желбіреді. Қаһарлы қыс өтіп, халық аңсаған жазғытұры жеткенде жер бетіне қаулап бір көк шықпайтын ба еді. Сол сияқты боп соғыс біткеннен кейін жұрт жүрегін жаңа арман кернеді. Ана ұлын, әке баласын, жігіт жарын, қыз ғашығын көксеп, тезірек қауышуды тіледі. Көгеннен ағытылған қозыдай жамырап, батыс пен шығыстан елдің түкпіріне қарай тірі қалған солдаттар ағылды. Жолда кездескен жыпырлаған село, көп қаланың біріне тоқтамастан әркім ауылына, өз үйіне жетуге ынтықты, өз ұясын көруге асықты. «Менің ұям сенсің – университет, сенсің – отыз үшінші аудитория! Сенен басқа менің ешкімім жоқ!» деп, іштей тебірене есіктің тұтқасына қол создым мен
Осы мәтіннен тұйык етістіктерді тауып беріңдерш

blackytwhite blackytwhite    3   13.05.2020 13:48    5

Ответы
Akikora Akikora  14.10.2020 16:39

қауышуды,жетуге,көруге

Объяснение:

Басқа жоқ тек осылар

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi