Энциклопедиялар мен АКТ материалдарынан ізденіп, боранның тағы қандай түрлері бар екенін толықтырып жазыңдар. ​


Энциклопедиялар мен АКТ материалдарынан ізденіп, боранның тағы қандай түрлері бар екенін толықтырып

камила20053 камила20053    3   13.09.2020 21:50    5

Ответы
mix42 mix42  15.10.2020 20:55

Ақ боран – көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран.

Ақ түтек боран – алай-түлей түтеген боран.

Ақ шұнақ боран – бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы боран.

Аққұйрық боран – құрғақ аязды күні қарды ирелеңдете, бұралаңдата соғатын боран.

Ақ жорға – қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын, қарлы бұрқасын, боран.

Алай-түлей түтеген боран – ұйытқыған немесе бората соққан қатты жел.

Алақаншық боран – бір бәсеңдеп, бір ұйытқып соққан боран.

Дауыл боран – осқырған жел.

Долы боран – екіленіп соғатын боран.

Жаяу боран – жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран.

Жөпшеңді боран – кәдімгі боран.

Қара боран – түтеген шаңды аспанға көтеретін боран.

Құм боран – құмды, топырақты суырып, ұйытқи соғатын боран.

Майлы боран – қойны-қонышқа кеулеп соғатын қарлы боран.

Сұрапыл боран – қаруы қатты боран.

Сырғыма боран – қарды үрлеп жер бауырлай соғатын боран.

Тас боран – суырып соққан күші қатты боран.

Тентек боран – бір күшейіп, бір басылып соғатын боран.

Түтек боран – алай-түлей боран.

Ұйтқыма боран – ұйытқи соққан қарлы боран.

Үскірік боран – құрғақ, суық боран.

Ызғырық боран – өңменнен өтер ызғарлы боран.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi