« Елорда » , « Нұр - Сұлтан » — мадақ етіп , жырға қосарлық шынайы тақырып . Сарыарқаның төрінде сән - салтанаты жарасқан әсем қала бой түзеді . Біздің ел жаңа ғасырға осындай ауыз толтырып айтарлық ерлікпен енді . Тәуекел – ердің қадамы . Астананы көшіру туралы сөз қозғалғанда , көптің көңілінде күмәннің болғаны шындық . Алайда алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді . Ақмола атауының өзгеруімен өңірге жаңа леп келді . Зәулім ғимараттар салынды , Елордаға сән кірді , әлем тамсана қарады . Нұр - Сұлтан – болашақтың қаласы . Ол – өнер , білім мен мәдениеттің , ғылымның ордасы . Ол – саяси , әлеуметтік , қоғамдық диалог , іскерлік пен озат жетістіктер алаңы . Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан . Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман өрнектерін астастырған – Ақорда , өмір ағашы – « Бәйтерек » , « Астана - Арена » спорт кешені мен « Хан Шатыр » , Тәуелсіздік сарайы мен « Конгресс Холл » – барлығы да бірін - бірі қайталамайтын туындылар . Атақты тұлғалар мен қайраткерлердің ескерткіштері бас қаланың сәнін арттыра түседі . Зиялылық пен мәдениеттің рухын асқақтатып тұрған Нұр Сұлтан – арман мен қиял әлемі . Тұңғыш Елбасы : « Бұл – ерке Есіл жағасында бой көтерген , ерекше сәулеттік бірегей мүсiндiк нышандары сап түзеген , жоғары технологиялы болашаққаұмтылған халқы бар әсем де мейірлі Бас қаламыз – Нұр - Сұлтан » , – деген еді . 2 - мәтін - Сәлем , Жібек , сен Нұр - Сұлтан қаласында болдың ба ? Сәлем . Жоқ , бірақ барғым келеді . Мен Нұр Сұлтан қаласындағы мәдениет орындары мен көрікті жерлерді белгілеп қойдым . — Імм , керемет екен ! Қай жерлерге бармақсың ? — Алдымен , « Астана Опера » театрына , Пирамидаға , Ұлттық мұражайға барамын . - Қойш , ол жерлерде қандай қызық бар ? Киноға , ойын орындарына барған дұрыс қой . – Ақгүл , мен мәдени - тарихи жерлерді аралап , білімімді жетілдіремін , ойын орталықтарына да баратын уақыт табылады . – Иә , сенің айтуың орынды . Мен оны ойламаппын . Егер білімді болсақ , елімізге пайдамыз тиеді . Солай емес пе , құрбым ? - Әрине , дұрыс айтасың . Қазір білімімізді жетілдіру бағытында ізденбесек , кейін кеш болып , бармағымыздыды тістеп қаламыз Оқудың маңыздылығын түсінгеніңе қуаныштымын . Жарайсың Ақгүл ! Жібектің сөздері Ақгүлге үлкен ой салғандай болды . Ол бір сәт үнсіз қалды . Мәтіндер Тақырыбы Мазмұны Стилі Жанры Құрылымы Тілдік ерекшеліктері 1 - мәтін 2 - мәтін у меня соч!!
Объяснение:
Надеюсь правильно..................