ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, қазақстандық компаниялардың менеджері болатын студенттер мұны жақсы түсінуі тиіс.
Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді.
Жетекші халықаралық консалтингтік “МакКинси” компаниясының консультанттары айқандай: “Алға қарай жүр немесе жол бер”. Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағидат басшылық етеді. Және бұл қағидат көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтауы тиіс.
Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. “Жастық шақ-бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс... ”, - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.
“Қазақстан” сөзі көне еліміздің жаңа жастық шағын, халқымыздың жаңа тарихтағы нық қадамын бейнелей отырып, әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс.
Қазіргі жастар тәуелсіз Қазақстанда өсті, олардың көз алдында мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді. Олардың ана сүтімен бойында патриотизм және өз тәуелсіз Отандарына деген сүйіспеншіліктің терең сезімі дарыған.
Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі барлық ойлар мен жоспарларды қисынды қорытындысына жеткізетін де жастар болмақ.
Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенім мол.
Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, қазақстандық компаниялардың менеджері болатын студенттер мұны жақсы түсінуі тиіс.