Әлем де үздіксіз дамып жатыр. Туризм көптеген елдерде басымдықты сала. 2030 жылы 1,8 млрд адам ағымы күтіліп отыр. Осынша адам халықаралық шекаралардан өтетін болады. Қазақстанда ол әлі де болса енді басталуда. Әлем Қазақстанда демалу мүмкіндіктері жайлы енді ғана біліп жатыр. Еліміз бағыт ретінде бұрыннан бәріне белгілі, бірақ бұл жерде туризмнің алуан түрлері бойынша қандай мүмкіндіктердің бар екенін, оның ішінде эко және этнотуризм туралы әлем енді біліп жатыр. Бізде динамика жақсы. Орта есеппен 10% деңгейіндегі келушілер туризмі бойынша біз жыл сайын өсіп келеміз. Соңғы 5-6 жылда ішкі туризм бойынша да оң динамика бар — 10-15% деңгейінде. Біздің азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдауда. Өзінің бір демалысын Қазақстанда өткізуге ниетті адамадар саны көп. Шетелге жылына үш рет шыға алатын адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын Қазақстанда өткізеді. Туризм түрлері бойынша беталыстар туралы айтатын болсақ, әлемде этнографиялық және саяхатшылық туризм кеңінен танымал болып келеді. Егер эко және этнотуризм әрқашан қызықты болса, аdventure-туризмге сұраныс жыл сайын 46%-ға дейін артуда. — Эко- және этнотуризм бойынша, жеткілікті дамыған, шетелдік келушілер арасында барынша сұранысқа ие қандай бағыттарды атап өте аласыз? — Экотуризмнің бүгінде аса дамыған өңірі — Алматы өңірі. Бұл өңір әзір әрі ең көп туристерді қабылдайтын өңір. «Алматы облысының алтын алқасы» туры бар. Оны Жетісу деп те атайды. Тур Ұлттық парктерді, Көлсай көлін, Қайыңды көлін, Шарын шатқалын, Іле Алатау Ұлттық паркін қамтиды. Сондықтан мұнда туристер көптеп келеді. Щучинск–Бурабай курорттық аймағының әлеуеті зор. Бурабайға бүгінде туристер көптеп тартылады. Мұны экотуризм деуге келмейді. Бірақ оның элементтері бар — адамдар табиғатта демалу үшін, атқа мініп, қымыз ішу үшін келеді. Шығыс Қазақстан облысының әлеуеті тым жоғары. Бірақ тұру орындары барлық жерлерде жасақталмағандықтан, бұл өңірде дамуды енді бастады. Жуырда ғана Қатон-қарағайдан келдім. Онда Ұлттық парк бар. Әсем табиғат, пантамен емделу, балмен емделу… Әлеуеті өте зор. Адамдарды қабылдайтын 60 шағын үйлер бар. Олардың жалпы әлеуеті 10 мың туристке дейін қамти алады. Мақсат қойған — алдағы 5-10 жылда 10 есеге арттыру. Жеке бастамалар қолға алынады, Туризмді тұрақты дамыту қоры құрылады. Мұндай бастамалармен бизнес, қоғам мен мемлекет кез келген туризм түрін дамыта алады деп ойлаймын. Экотуризмді дамыту бойынша тағы зор әлеует Маңғыстау облысында бар. Онда аdventure-туризмге (саяхатшылық туризмге) басымдық беріледі. Қазір әлемде эко- және аdventure туризм қосарланған беталыстар байқалуда. Себебі аdventure табиғатқа соншалық зиян келтірмейді, сондықтан эок- және саяхатшылық туризм бізде де дамитын болады. — Эко- және этнотуризммен белсенді айналысқысы келетін жеке компаниялар, бизнесмендер не істеуі керек? Оларға қойылатын қандай да бір критерийлер бар ма, инфрақұрылымы қандай болуы керек? — Қазір бұл ұғымдар астасып, араласып кеткен, экотуризм де, этнотуризм де. Егер бұрын экотуризм туралы келген соң түнемейтін, немесе шатырларда түнейтін, сол жерлердегі қоқыстарды жинайтын т.б. адамдар деп ойлайтын болса, қазір экотуризм — бұл табиғатқа зиянын тигізбейтін немесе септігін тигізетін кез келген туризм түрі. Яғни адамдар міндетті түрлде шатырларда тұрмайды, олар қонақ үйлерде де тұра алады. Олар сонымен қатар эколодждарда да (экотехнологиялар негізінде құрылған экологиялық тіршілік кеңістігі) тұра алады. Олар сонымен қатар табиғатқа зиянын тигізбейтін әрі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын икемді қонақ үйлер болуы мүмкін. Әлемде далада немесе орманда туристерді қабылдап қана қоймай, жаңартылатын энергия саласында ең үздік тәжірибелерді қолданатын эколодж тұратын мысалдар өте көп. — Өңірлерге оралсақ, Алматы облысы туризмді дамыту бойынша көшбасшы екенін біз жақсы білеміз. Алакөл көлінде өткен жылы 1,3 млн-нан аса келуші болған. Демалушылар саны жазғы маусымда көп болатынын ескерсек, биылғы жылға алдын-ала қорытындылар бар ма? — Демалу маусымы екі айға созылады. Сондықтан бұл кезеңде Алматы облысы жағынан да, Шығыс Қазақстан облысы жағынан да демалушылар ағымы көп. Мен демалушылар ағымы сол деңгейде қалады деп ойлаймын. Қазір біз мәліметтерді күтіп отырмыз. бірақ алдын ала мәліметтер бойынша жазғы маусымы біткен соң демалушылар ағымы артқанын айта аламыз.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/interviews/intervyu-o-razvitii-turistskoy-otrasli-v-kazahstane-chto-privlekaet-inostrancev-i-kakoy-region-yavlyaetsya-liderom-po-ekoturizmu
Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.