ЭКСПО елімізге не берді? Сандар мен сөздерді сәйкестендір.
ЭКСПО елімізге не берді?
1. 2017 жыл еліміз үшін маңызды еді, себебі сол жылы Қазақстанда ЭКСПО халықаралық көрмесі өтті. Көрме аяқталған соң бәрімізде «ЭКСПО елімізге не берді?» деген сауал туындады.
2. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:
– Шағын және орта бизнес дамыды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы күллі әлемнің назарын өзіне аударды.
3. Сол кездегі Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев:
– ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық потенциалын көрсетуге зор мүмкіндік берді. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде таныстырылған инновациялық технологиялардың ішінен үздік 105 жоба іріктеліп, соның 40-тан астамын бірқатар мемлекеттік және атқарушы органдар іске асыруға кірісті. Энергетика министрлігі таңдап алған жобалардың 28-і – отандық өнертапқыштардың туындысы. Олардың ішінде энергияны үнемдейтін және қалдықтарды қайта қолдануға арналған тың технологиялар бар.
4. Сол кездегі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов:
– «Нұр Әлем» павильоны астананың және бүкіл Қазақстанның жаңа визит картасына айналды. ЭКСПО – бұл коммерциялық шара емес. Әйтсе де біз 70 млрд теңге пайда көрдік. Бұл тек билет сатудан ғана түскен пайда емес. Бізді демеушілер қолдады. Сонымен қоса коммерциялық қызметтен, лицензиялық тауарларды сату құқығын беру, тауар белгісін пайдалану т.с.с. пайда әкелді. Көрмеге дайындық барысында 452 млрд теңге қарастырылды, жұмсалды. Ол қаржының басым бөлігі құрылысқа жұмсалды. Енді ол құрылыс нысандары мақсатты пайдаланылатын болады. Елбасы оның концепциясын белгілеп берді.
5. Қысқасы, «Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады. Бір анығы, ЭКСПО-2017 – еліміз үшін ғылым мен технология, жасыл экономика салаларындағы озық үлгілерді үйренер тәжірибе алаңы ғана емес, өзінде барды өзгеге көрсететін орта болды. Үш айға созылған жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытты, еліміздің ғылым саласына бетбұрысын көрсетті.
Сәйкестендіру саны: 4
1) 28 жоба
2) 40-тан астам жоба
3) 105 жоба
4) 140-тай жоба
А) таңдалып алынды
B) келушілерге таныстырылды
C) жүзеге асырмақ, қолға алды
D) еліміздегі ғалымдардың еңбегі
1.D
2С
3A
4В
Объяснение:
дұрыс жауабы