Экотуризм Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған а ң табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.
Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды.
Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу.
Қазақстан Республикасы территориясында фауна және флорасы өзгермеген, адам аяғы баспаған аумақтарда кездеседі.
Қазіргі таңда республикамызда 10 қорық,13 ұлттық табиғи парк, 80 жуық қорықшалар, 27 табиғат ескерткіштері, 3 зоологиялық парк, 5 ботаникалық саябақ, 3 халықаралық маңызы бар сулы-батпақ орындары.
Қазақстан Республикасында экотуризм дамуында Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рөлі үлкен. Мұған басты себебі ретінде бұл аймақтардың аттрактивтілін атаймыз. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың ішінде ұлттық парктер мен қорықтардың экологиялық турларды ұйымдастырудың басты негізі деп қарастырамыз. Яғни, бұл турлар арқылы тек қана экотуризмді дамытып қана қоймай, табиғи обьектілердің қорғау функциясын орындауға болады.9
Ақсу – Жабағлы – әлемдегі табиғат өзінің айрықша туындыларын жинаған ғажайып мекен. Қорғалжын – экологиялық турлардың ең танымал болуына лайық аймақ. Оның экологиялық туризм дамутуыны әлеуеті өте жоғары.
ТАПАСЫРМА:
1. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықта.
2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр
3. Экотуризмге диаграмма құрастыр
дам 25б