Екі тақырыптың бірін таңдап орфографиялық нормаға жинақы сай мәтін жазыңыз 1.Тіл үйренудің оңай жолы-сол елге бару 2.Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар
Мені бір ой мазалайды. Ол осыкүнгі бауырлардың қатыгездігі. Мүмкін көп балалы отбасында мұндай нәрсе туындамайтын шығар. Бірақ мен екі отбасын білемін. Екі отбасында да екі ер баладан. Бір отбасындағы үлкенінің алды қырықта болса, кішісі отыздан асқан. Екінші отбасындағы ұлдардың жас айырмашылығы екі жыл ғана. Бауырлардың біреуі «үлкенмін ғой» деп, екіншісі «кішімін ғой» демейді, айтысқанда бірін бірі жерден алып жерге салып жатады, тіпті ұстасып қалудан, төбелесуден тайынбайды. Бір отбасындағы екі ұл бір үй үшін қырылып қала жаздап, қазір сол үйді салған аналары кіші ұлымен пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал екінші отбасындағы ана екі ұлдың тіпті бір-бірін өлтіріп ала ма деп бірге қалдыруға қорқады. Сонда бұл қалай? Неге байланысты? Тәрбие дейін десең, аналары өте жақсы, ал әкелері енді кезінде ішкен. Бірақ бір-бірін сонша жек көруге не себеп, қандай бәсекелестік? Мен апалы-сіңлілердің арасында ондай қарым-қатынасты байқамаппын. Өйткені апалы-сіңлілер әрқашан бір-біріне жаны ашып, өз отбасының қорынан жұбайына білдіртпей үнемі әпкесіне/сіңлісіне, одан қалды жиендеріне бірдеңе алып беріп жатады, қиын-қыстау кездерді айтпағанда.
Кезінде баласын өлімге қиып, «енді маған бауыр табылмайды» деп бауырын құтқарушы еді.
Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.

Объяснение: