Екі мәтінді түсініп оқып, кесте бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз. [3]
1-мәтін
XX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген ең әйгілі тұлғалардың бірі – Альберт Эйнштейн. Көзі тірісінде көптеген жетістіктерге жеткен ғалым Нобель сыйлығын алып қана қоймай, ғылымның ғалам жайлы түсінігін түбегейлі өзгертіп кетті. Оның 300-ге жуық ғылыми жұмысы мен 150-ге жуық кітабы, сан алуан мақалалары білімнің әр саласын қамтыған. Энштейннің басты еңбегі «Салыстырмалылық теориясы». Эйнштейннің ғылымға деген қызығушылығы 5 жасында туған. Бірде ол ауырып қалып, әкесі оны жұбату үшін қолына компас берген екен. Бала Альберт құралдың құрылымына қатты қызығып, содан бастап түрлі зерттеулерге ден қойған деседі.
Өзінің атағын пайдаланып, ғалым бір кездері әр қолтаңбасы үшін 1 доллар ақы алып отырған. Түскен қаржының бәрін ол қайырымдылыққа жұмсаған.
2-мәтін
Ғасырлар бойы 1000 жылда бір туатын дара, қайталанбайтын тұлға Асқар Жұмаділдаевты бүгінде білмейтін қазақ жоқ. Нағыз қазақ ауылынан шыққан, күнге күйіп, құмның арасында ойнап жүрген баладан «әйгілі математик» шығады деп кім ойлаған.
Жастайынан өте жылдам, тез сөйлейтін қабілетімен ерекшеленеді. Мектепте жүргенінде талай қалалық, республикалық және бүкілодақтық физика-математикаға қатысты жарыстарға қатысып, талай рет жүлдегер атанды. Ол «Төрткен» және «Төртқара» алгебрасын ойлап шығарған қазақтың тұңғыш математигі. Ол Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры болды. Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында, сондай-ақ, Италиядағы А. Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында, Канададағы Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, лекциялар оқыған.
Екі мәтіннің ұқсастығы
Айырмашылығы
Негізгі идеясы