Еліміздің тәуелсіз, егеменді ел ретінде көш түзегеніне, міне, жиырма жеті жыл. Елбасының жүргізіп жатқан сарабдал саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Демек, қоғамда тұрақтылық пен татулықты нығайтып, елдің тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту басты мәселе болып қала бермек.Біз қазір шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашып, азат ойлауды қалыптастыру жолындамыз.Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – әрбір қазақтың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты болуы қажет. Республика Президенті Н.Назарбаев тәуелсіздіктің басты тірегі – саяси тұрақтылық пен әлеуметтік татулық екенін ұдайы айтып келеді. Оны көздің қарашығындай сақтауға қаншалықты көңіл бөлсек – тәуелсіздігіміз соғұрлым тұғырлы бола түсетіні хақ.