Ең үлкен кітапхана Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005-жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүз-ге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған. Екінші, Дублиннің Тринити-колледжінің Кітапханасы Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған. Үшінші, Прага қаласында орналасқан Страговск монастырiнiң кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149- жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар XII - ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 -кітап, 1500 - мерзімді ба өз, 2500 - қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған. Төртінші, Джей Уокер америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер. Priceline.com сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі адамзат тарихындағы ең үлкен көп деңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар. Бесінші, Йель университетінің сирек кездесетін кітаптармен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның негізі 1963-жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған. 3.берілген мәтіннен негізгі ойды сақтайтын сөйлемдерді іріктеп жинақты мәтін жазыңыз​

руслан797 руслан797    1   05.05.2021 12:21    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi