"Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін" дейді қазақ мақалы. Бұл мақал әсіресе қазіргі дағдарыс қыспаққа алған заманда, жалқауларға қамшы боп тиері сөзсіз. Себебі, "еңбек - ырыстың бұлағы, - бақыттың шырағы". Елбасы да үнемі еңбек ет, кәсіп қыл, бизнестің көзін аш деп халыққа үнемі үндеу тастап келеді. Оған мемлекеттің барынша көмек көрсететінін де айтқан болатын. Мысалы "Жұмыспен қамту -2020" жол картасы бағдарламасы арқылы-ақ отбасылық бизнес ашуға болады. Кез келген істі қолға алып, қолдан келген өнерді дамытып , елге көрсету, жарнамалау арқылы мол табыс көзіне айналдырып, жетістіктерге жетуге болады.
Бастысы - табыс көзін табуда қателеспеу. Бала кезінен ата- анаңнан үйренген өнерді кәдеге жаратып, қажет болса, мемлекеттік бағдарлама арқылы несиелік қаражатқа қол жеткізуге де болады. Қала жағаламай, ауылдың өзінде тұрып ақ отбасылық бизнес ашып, ешкімге қол жаймай, қаражат табуға болады. Бастысы - еңбектену.
Әрекет болмай-берекет жоқ.
11-тапсырма (102 бет). «Еңбек-ырыстың бұлағы» деген тақырыпта эссе жаз.
Эссеге қойылатын талаптар:
-нақты айқындалған кіріспе,негізгі бөлім,қорытынды бөлімнен құралуы шарт;
-тақырыптан ауытқымаған дұрыс;
-тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет;
-өмірмен байланыс болуы тиіс;
-өзіндік тың пікірлер келтіру керек;
-баяндау стилі нақты болуы шарт;
-көріктеуіш тілдік құралдарды ұтымды қолдану қажет;
-көлемі-50-70 сөз