ДОСТЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛМІЗ Қазақстанда әр ұлт өкілдерінің кәсіппен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Бізден басқа мемлекетте дәл біздегідей терезесі тең еңбек етіп, кәсіп жасап, қалаған ісімен айналысып жатқан диаспоралар жоқ. Сондықтан олар Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатыр. Тіпті, кейбір ұлт өкілдері жер иесі қазақтардан артық тұрады. Алматыдағы сауда орындары мен тағы да басқа жерлерде еңбек етіп жүрген әртүрлі ұлт өкілдерін көргенде қазақтың кеңдігіне қайран қаласыз. Осыдан біраз жыл бұрын тарихи отандарына кеткен біраз немістер Қазақстанға қайта келді. Қазақтың дархандығы мен кеңдігін және бауырмалдығын Герольд Бельгер көп жазды. Жақында дүние салған оны өзінің өсиеті бойынша достары қазақтар Кеңсайға жерледі. Міне, қазақтың өзге ұлтқа деген сүйіспеншілігін осыдан көруге болады. Олай болса Қазақстандағы ұлттар достығы жасай берсін!