Дос табу қиын ал оны сақтау одан да қиын өтінем осы тақырыпқа диолог құрап беріңіздерші

podshchipkova podshchipkova    2   01.10.2019 12:30    10

Ответы
Ekaterina13273 Ekaterina13273  04.08.2020 20:58

«Дос табу қиын, ал оны сақтау одан да қиын» тақырыбына диалог құрастыру.

Еркебұлан: Аға, «достық деген не?» сұрағына жауап беруге көмектесіңізші? Мектепте шығарма жазуды тапсырып еді...

Аспандияр: Достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды.

Еркебұлан: Неліктен дос - адам жанының айнасы тәрізді деп айтады?

Аспандияр: Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

Еркебұлан: Сіздің ең жақын досыңыздың есімі кім және қанша уақыттан бері жолдас болып жүрсіздер?

Аспандияр: Менің ең жақын жолдасымның есімі – Данияр, екеуміз балабақшадан бері, міне он төрт жылдан астам уақыт дос болып келеміз.

Еркебұлан: Достықты сақтаудың қандай жолдары бар деп ойлайсыз?

Аспандияр: Достықты сақтау үшін мен, ең алдымен, досымның көңілің қалдырмауға тырысамын. Сонымен қатар, достықты сақтау үшін адал болу маңызды деп ойлаймын, себебі, менің ойымша, шын достардың арасында ешқандай құпия мен сыр, өтірік пен өсек болмау керек. Және тағы бір маңызды шарт – достар арасында өзара сыйластықтың болуы.

Өмірде адал дос табу қиын болғандықтан, достық қарым – қатынасты сақтап, бағалай білу керек!

Еркебұлан: Көп рахмет, ағасы!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi