Домбыра Party –Домбыра Party туралы ең алғаш Facebook әлеуметтік желісінен естідім.
Суреттермен пікірлерді көріп, бұл жобаға қызыға бастадым. Біраз уақыттан
кейін Нұрғиса ағамыздың жазған постын оқыдым. Ол жерде бұл кісі
Лондонға келетінін және Домбыра Party ұйымдастыратынын жазып, осы
жерде жүрген қазақтардың хабарласуын сұрапты. Мен де бұл мәселе қашан
шешіледі екен, болатын уақыты мен жері қашан анықталады екен деп біраз
уақыт күттім. Сүйінші хабарды желі бойынша жан-жаққа тараттық.
Әрине, басында «Лондондағы Домбыра Pаrty-ге аз адам келіп, ұят болып
қалмағай» деп те уайымдадық. Себебі жанымда жүрген қазақ студенттерінің
көбісінің оқуы аяқталып, елге кеткен болатын. 6 шілде – Астанамыздың
туған күнінде «University College London» атты оқу ордасында өткен шараға
қырыққа жуық қазақ жиналды. Жиналып қана қоймай, Нұрғиса ағамызды
қолдап, өздері де қолдарына домбыраны алып, өнерлерін көрсетті. Көшеде
серуендеп жүріп, бізді кездестіріп қуанған қазақтар да болды. Домбыраның
үнін естіп, арамызға келіп қосылып жатты. Біраз қазақ бауырларымыз
шетелде жүріп, өз елін сағынғаны байқалды. Осы Домбыра Party арқылы
шетелде жүрген қазақтар өздерін Қазақстанда болып қайтқандай сезінген
шығар. Осындай қазақтардың басын қосатын, елге, жерге деген
сүйіспеншілігін арттыратын, рухымызды асқақтататын бастамалар көбейе
берсе екен деп тілеймін. Мен де Домбыра Party-дің Лондонда жалғасын
табуын қадағалап, көмегімді тигізуге әзір екенімді айтқым келеді.

Nagornjk Nagornjk    3   10.02.2021 09:31    5

Ответы
Mashalove16 Mashalove16  10.02.2021 09:40

А что тут надо сделать?

Объяснение:

Просто там не написано что сделать и всё практический готово

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi