Домбыра Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.

Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді

Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.

Қадыр Мырза Әлі

1. Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?
2. Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?

3. «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті туралы?

4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе

каринааааа12 каринааааа12    3   02.03.2021 10:06    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi