Домбыра - қазақ халқының өте ерте және, нағыз табиғи ұлттық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді. Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал батыс аймақтарда кең таралған. Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында қазақ күйлерін ғана емес, батыс және шығыстың, танымал туындыларын орындауға болады. 1. Домбыра қандай музыкалық аспаптар қатарына жатады? [1]
2. Батыс Қазақстан аумағында домбыраның көлемі қандай болып келеді? [1]
3. Күй орындауда қандай қағыс түрлері бар? [1]
4. Қазақтың тағы қандай ұлттық музыкалық аспаптарын білесің? [1]
5. Мәтін мазмұны бойынша «Бұрыс» ақпаратты анықта
Ақпарат Дұрыс Бұрыс
Домбыраның көне Шумер тілінен аударғандағы мағынасы «кішкене садақ»
Домбыра аспабында қазақ күйлерін ғана орындауға болады.
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап.