Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра", - дейді ақын Қадыр Мырза-Әлі. Бұл сөздердің астарында үлкен мән-мағына жатыр. Ғасырлар бойы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, қиын-қыстау күндеріне куә болған домбырадан артық халықтың күйін шертіп, мұңын айтар не бар? Оның бойында нағыз қазақылық тұнып тұр. Оның бойында күллі қазақтың тарихы, мұң-зары, қуаныш-қайғысы, өткені мен бүгіні бар. Сондықтан да болар, қай үйді қарасаң да қасиетті домбыраның алар орны - төр. Бұл бір ғана музыкалық аспапты ғана емес, күллі казақты, тарихыңды құрметтеу.


Талдау сұрақтары
Оқушының жауабы.
1
Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыздар.

2
Мәтінге басқа тақырып қойып көріңіз.

3
"Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" дегенді қалай түсінесің

4
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

5
Мәтін мазмұнын бір сөйлеммен қорытындылаңыз.

Angelina922 Angelina922    3   20.10.2020 14:44    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi