Менің өмір сүргім келетін үйім Менің өмір сүріп жатқан үйім 2 бөлмелі 4-інші қабатта.Осы кішкене ғана үйде мен, ата- анам, ағам жəне қарындасым тұрамыз. Қыста қатты суық күндері үйге симай кететініміз бар. Ойнағымыз келеді жүгіріп.Сыныптағы Арманның үйі өте кең, үлкен 3 қабатты 10 шақты бөлмесі бар. Арманның жеке бөлмесі, жеке сабақ оқитын орны бар.Арман үйінің жалғыз баласы. Мен үйде шулы болғандықтан түнде есептерімді шығарып, жаттығуларды орындаймында, ал қазақ тілінен жаттау, түсінік берсе таң ертең ерте оянып оқимын.Кейде ағам мен қарындасым ойнауға кеткенде олар келгенше оқып тастаймын. Бүкіл сабағым бес. Кейде Арманның орнына бала болсам деймін қалаған уақытымда ойнап, қалаған уақытымда сабақ оқитын. Бірақ анам маған көп нəрсеге шүкір етуді үйретті . Менің жеке бөлмем, жеке сабақ оқитын орным болмаса да, менде мені жақсы көретін Əкем, Анам бар, мен бір есепті шығара алмай жатқанда көмек беретін ағам бар, өзімді үйдің бір тірегі екенімді аңғартатын қарындасым бар. Біз тату, бақытты отбасымыз. Менің үйім мың кең үйге татиды. Басқа үйде тұрғым келмейді, өз үйімді жақсы көремін.
Менің өмір сүріп жатқан үйім 2 бөлмелі 4-інші қабатта.Осы кішкене ғана үйде мен, ата- анам, ағам жəне қарындасым тұрамыз. Қыста қатты суық күндері үйге симай кететініміз бар. Ойнағымыз келеді жүгіріп.Сыныптағы Арманның үйі өте кең, үлкен 3 қабатты 10 шақты бөлмесі бар. Арманның жеке бөлмесі, жеке сабақ оқитын орны бар.Арман үйінің жалғыз баласы. Мен үйде шулы болғандықтан түнде есептерімді шығарып, жаттығуларды орындаймында, ал қазақ тілінен жаттау, түсінік берсе таң ертең ерте оянып оқимын.Кейде ағам мен қарындасым ойнауға кеткенде олар келгенше оқып тастаймын. Бүкіл сабағым бес. Кейде Арманның орнына бала болсам деймін қалаған уақытымда ойнап, қалаған уақытымда сабақ оқитын. Бірақ анам маған көп нəрсеге шүкір етуді үйретті . Менің жеке бөлмем, жеке сабақ оқитын орным болмаса да, менде мені жақсы көретін Əкем, Анам бар, мен бір есепті шығара алмай жатқанда көмек беретін ағам бар, өзімді үйдің бір тірегі екенімді аңғартатын қарындасым бар. Біз тату, бақытты отбасымыз. Менің үйім мың кең үйге татиды. Басқа үйде тұрғым келмейді, өз үйімді жақсы көремін.