«Динамо» балалар мен жасөспірімдер спорт клубының директоры
М.С. Әлжановқа
«Таэквандо» секциясының қатысушысы
М.Б. Омаровтан
Өтініш
Мені Алматы қаласында 17-20 қазан күндері Денсаулық фестивалі аясында өткізілетін 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған таэквандо жарысына қатысу үшін «Барыс» командасының құрамына алуыңызды өтінемін.
Омаров М.Б.
15.10.2020
Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
1. Мәтін қандай стильде жазылған?
a) Ауызекі
b) Көркем әдеби
c) Ғылыми
d) Ресми
[1]
2. Өтініш жазуда жиі қолданылатын 2 сөзді белгілеңіз.
a) Өтінемін
b) Тудым
c) Бұйырамын
d) Сұраймын
[2]
3. Төмендегілердің қайсысы өтініш жазушы болып табылады?
a) Аманжоловқа
b) Нұрбаеваға
c) Болатбековадан
d) Сүйіндіковке
[1]
4. Өтініш не туралы?
a) Жарысқа қатысу үшін топ құрамына қосу
b) Алматы қаласына іссапарға бару
c) Денсаулық фестивалін өткізу
d) «Барыс» командасын тарату