Диалогті оқып, қолдау көрсету мағынасында айтылған сөйлеу этикеті формасын анықта. Дарина: Сәлеметсіз бе, Раиса Рустамовна! Мен сізге Ресейден кәдесый алып келдім.
Раиса Рустамовна: Амансың ба, Дарина! Қандай әдемі, рақмет, айналайын! Тағы қандай сыйлықтар алдың?
Дарина: Анама маржаннан жасалған алқа, сіңліме күміс сырға алдым. Бәрін бір жерден сатып алған соң, жақсы жеңілдік жасады.
Раиса Рустамовна: Бәрекелді! Саудаң да табысты болыпты. Кел, төрлет, екеуіміз отырып, шай ішейік.
Дарина: Рахмет, апайым, сіздің шайыңызды қуана-қуана ішемін.
Раиса Рустамовна: Қызым, жолға қолма-қол ақшаны көп алдың ба?
Дарина: Жоқ, ақшамның көбісін картада сақтап жүрдім. Қолма-қол ақшамды ұрлатып аламын деп қорықтым.
Раиса Рустамовна: Әрине, қарағым, сақтық шараларын үнемі назарда ұстау керек.

Бәрекелді

Қолма-қол

Сыйлықтар

Сәлеметсіз бе

Zhuravl220 Zhuravl220    2   07.10.2021 00:10    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы