Диалог на тему кітапхана және интернет

Nikart25 Nikart25    2   14.09.2019 10:50    1

Ответы
Fenerа Fenerа  07.10.2020 14:03

"Кітапхана және ғаламтор" тақырыбына диалог.

- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.  

- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?

- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

- Ия, сонымен қатар мектебіміздің кітапханасы жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталып, оқушылар сабақтан бос уақытында керегінше қолдана алатын болды.

- Ия, бұл өте жақсы бастама деп ойлаймын. Мәселен, компьютер бос болмай қалған жағдайда, қажетті ақпаратты кітапханадағы кітаптардан та табуға болады. Оның үстіне оқуға қызықты дүниелер де табуға болады.  

- Әрине, енді кітапхана оқырмандарының саны көбейеді деп ойлаймын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi