Диалог на казахском языке на тему осень 5 предложений с переводом

marylps45 marylps45    3   05.08.2019 13:00    1

Ответы
klanana klanana  03.10.2020 23:27

«Күз» тақырыбына диалог құрастыру.

Махаббат: Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз.

Еркежан: Иә, жаз мезгілі қашанда зымырап өтіп, күздің келгенін тек сабақ басталған кезде аңғарып жатамыз ғой.

Махаббат: Дегенмен, табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше.

Еркежан: Иә, мен де күз мезгілін ерекше жақсы көремін.

Махаббат: Солай ма? Неліктен?

Еркежан: Оның екі себебі бар: біріншісі – осы мезгілдегі табиғаттың ерекше әдемілігі: жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады; Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Ал екіншіден, менің туылған күнім күзде.

Махаббат: Иә, дұрыс айтасың. Күзде табиғат ерекше ғажап көрініске ие. Мен де күз мезгілін асыға күтемін.

Еркежан: Сенің де туылған күнің күзде ме?

Махаббат: Жоқ, менің туылған күнім көктемде. Мен күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинаймын. Жиналған жапырақтардан гербарий жасау – менің хоббиім.

Еркежан: Ол хоббиің туралы білмеппің...

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi