Дерсеханұлы Бұқашжан туралы мазмұн можете скинуть

vika737722 vika737722    1   10.09.2021 19:16    0

Ответы
дима2872 дима2872  10.09.2021 19:20

Қорқыт ата кітабында» сюжеті жағынан қазақ эпосымен үндес болып келетін сарындар көп кездеседі. Әсіресе, бір балаға зар болған әке-шешенің мүшкіл хәлі жөніндегі хикаялар жиі үшырайды. Әрине, мүның өзіндік сыр-себептері бар. Патриархал-ру қауымының үғымы бой- ынша, тек еркек кіндікті бала ғана отбасының, ру-тайпа- ның жалғасы, қауымның болашақ тірегі саналған. Сол себепті той-жиындарда ер баласы бар аталар ең сыйлы орынға отырып, оған зор қошамет көрсетілетін болған.

Міне, „Қорқыт ата кітабының» бірінші хикаясы — «Дерсеханүлы Бүқаш туралы жыр» осындай сюжетке қүрылған.

„Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша, Баяндыр хан жылына бір той жасап, оғыз бектерін қонаққа шақыратын еді. Бүл жолы да солай істеді. Тойға түйеден — бура, жылқыдан — айғыр, қойдан — қошқар сойылсын деп жарлық берді. Сол күні бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, енді бір жерге қара отау тіктіріп қойды. Тойға жиылған бектерден үл баласы барларын ақ отауға, үлы жоқ, бірақ қызы бар кісілерді қызыл отауға, үлы да жоқ, қызы да жоқ қонақтарды қара отауға кіргізді. Қара отауға кірген қонақтарға қара қойдың етін беріп, қара киізге отырғызды. «Не үлы, не қызы жоқ жандарды тәңірінің өзі қарғаған, бізде солай етеміз» деді Баяндыр хан.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi