Деректі, дерексіз, жалпы, жалқы есімдерді қайталаңыз. Берілген мәтіннен сол есімдерді тауып жазыңыз: Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміз туристік шаңыраққа айналуы әбден мүмкін. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гауһарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Қазақстанның жер беті де әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар. Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі осы туризм саласы болып отыр.