Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз. Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.
1-тапсырма. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз [3]
Тұжырым
Шын
Жалған
А
Саяхат кезінде беті-қолыңызды үнемі жуып тұрыңыз
В
Газдалған сусындарды пайдаланыңыз
С
Заттарды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпағаныңыз абзал.
2-тапсырма. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. [2]
құрғақ (антоним) –
үнемі (синоним) –
3-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1,2,3). [3]
Мәтіндегі ақпараттар
Реті
Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексертіп алыңыз
Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек дүкендерден ғана сатып алыңыз
Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алсаңыз өте пайдалы
4-тапсырма. Сұраққа толық жауап беріңіз. [2]
Саяхат кезінде қандай сақтық шараларды білген дұрыс?
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
5-тапсырма. Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, себеп-салдарлы қатынасты білдіретін жалғаулықтарды (себебі, өйткені, сондықтан) қолданып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. [5]
А) Саяхат және туризм
Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына саяхат жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? Қандай қызықты оқиғалар болды? Ойыңызды сипаттама мәтіні түрінде жазыңыз.
Б) Қазақ ұлттық қолөнері
Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. Қазақ ұлттық қолөнеріне нелер жатады? Ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.
В) Абайды оқы, таңырқа!
Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.