Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар сияқты түрлі мәселелер енеді. Сондықтан ғаламдық демографиялық проблеманы демография, экономика және саясаттың байланыстары тұрғысынан қарастыру қажет. Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия көрсетіп отыр. Ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін зерттейтін ғылым. Экологиялық демография –демографияның жаңа бағыты. Ол адамның мекен ету ортасы мен демографиялық процестердіңбайланысын зерттейді.
Алайда эпидемиялар мен аштық салдарынанадам саны кеміген жағдайлар да орын алды. Ал ХХ ғасырда адам санының азаюына гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруы әсер етті. Оған Шығыс және Оңтүстік Еуропа, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония елдері дәлел.
Қала – табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальді орта. Қалада өмір сүру адамның денсаулығына, демографиялық жағдайғаықпал етеді. Себебі қалада уақыт жетіспейді, ақпарат көп, дұрыс тамақтанбайды.
1-2. Мәтін бойынша 2 дұрыс жауапты анықтаңыз.
Демография ... .
A.қаланың табиғи ерекшеліктерін зерттейді.
В.тұрғындардың денсаулықтарын қарастырады.
С.урбандалуды, босқындар мәселесін зерттейді.
D.халықтың құрамын, динамикасын зерттейді.
E.халықтың мәдениетін, тұрмысын қарастырады.
[2]
3-4.Сұрақтарға қысқа жауап беріңіз.
Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде қазіргі уақытта қандай жағдай туындауда?
(1)
Ең үлкен өсімді көрсеткен азиялық елдер қандай?
(2)
[2]
5. Перифраздалған сөйлемдердің дұрыс («+»)/ бұрысын («-») анықтаңыз.
Тұжырымды сөйлемдер «+»/«-»
A Қалада өмір сүру адам саулығына әсер етеді.
B Адам санының күрт кемуінен «демографиялық жарылыс» орын алуда.
[1]
1-2)С , Е
3-4)Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия көрсетіп отыр.
Ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады.
5) 1)+
2)+