Демография халықтың құрылымын , құрамын , динамикасы мен көбеюін қоғамдық - тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым . Бүгінгі таңда оның « экологиялық демография » деп аталатын жаңа бағыты пайда болды . Ол демографиялық үдерістердің адамның мекен ету ортасымен байланысын зерттейтін сала . Ғалымдар оны « урбанизация » үдерісімен байланыстырады , себебі демографиялық жағдайға адамның қандай экологиялық ортада өмір сүретіндігі де әсер етеді . Қазіргі кезде жер шарындағы халықтың жартысы қалтада тұрады . Ол — ең ірі және табиғи ортадан өзгеше , көптеген параметрлері бойынша экстремалды орта . Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жинақталады . Қала халқының санының өсуімен қатар оның жер көлемінің экологиялық жағдайы төмендейді және соған байланысты экологиялық жүйенің құрылымы да өзгеріске ұшырайды . Қазақстан Республикасы дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ . Қазіргі таңның өзінде - ақ қала халқының тығыздығы , соның ішінде , Алматы , Қарағанды , Шымкент сияқты ірі қалаларда бір шаршы шақырымға 200 - ден аса адам санының келуі экологиялық жағдайдың нашарлауына себеп болып отыр . Қалалардағы халық санының өсуі , әсіресе , өнеркәсіптер мен кәсіпорындарды көптеп салу кезінде шұғыл артты . Адам капиталының бір жерге топталуы бәсекеге қабілетін дамытып , орта және шағын кәсіпкерліктің өсуіне ықпал етіп , халықтың өмір сүру деңгейін көтеретіні белгілі . Алайда , бүгінгі таңда өндірістің дамуы экологиялық ахуалды күрделендіріп , қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіріп отыр . Дүниежүзілік акпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек , ауылды жерлерге қарағанда , қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе , ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады . Өнеркәсіп шоғырланған жерде қыс айларында тұманның түсуі және жауын - шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны байқалады . Демек , қала халқының саны артса , адам әрекетінен шығатын антропогенді факторлар да жылдам өседі . Елімізде урбанизация әсерінен көптеген ауылдардан қалаға қоныс аударушылардың саны артып келеді . Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде қарастырылғаны дұрыс болады , себебі әрбір мемлекет елдің ерекшелігін ескере отырып , өзінің демографиялық саясатын жүргізеді . Қазақстанның жері кең байтақ , ал халқының саны аз . Бұл халықтың қайта қоныстану үлгілерін жоспарлауды қажет етеді . Халық демографиясының өсуі экожүйеге қосымша экологиялын түсіреді . Сондықтан демографиялық факторлар мен урбанизация үдерісінің қоршаған орта жағдайына әсерін жан - жақты зерттеу – басты мәселелердің бірі

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз:
Ахуалға -
Басқаша -
Әлемдік -
Шоғырлануы ықпалын - ​

modernteenager1 modernteenager1    2   05.06.2021 06:36    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi