даю 60 быллов Мәтінді оқып төмендегі аспектілер бойынша талдаңыз.

Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” – халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 ж. 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Кейінгі жылдары Қызыл қітап толықтырылып, 1-томы сүтқоректілерге, 2-томы құстарға, 3-томы қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларға, 4-томы балықтарға арналды, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналды. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.


даю 60 быллов Мәтінді оқып төмендегі аспектілер бойынша талдаңыз.Халықаралық табиғат қорғау одағының
даю 60 быллов Мәтінді оқып төмендегі аспектілер бойынша талдаңыз.Халықаралық табиғат қорғау одағының

anyasuharevap0ai22 anyasuharevap0ai22    1   17.03.2021 08:29    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi