Бауыржан мұқалмас ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болды. Соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы ғана болып қана қойған жоқ , сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, мейірман тәрбиешісі де бола білген. Ұлтжандылықтан жаралған батырлық бейнесі тарих беттерін аралап, жыл өткен сайын «тот ба саф алтындай жарқыраған» ерлік жолы ұрпақ жадында сақталып, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қаһарманына айналған тұлға. Ол өзінің сөздерінде:«Ұлттық рух – асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркемділік деген.
Бауыржан Момышұлының өмірі – өнеге, жазған мұралары – патриоттық өсиет. Өнегелігі – елі мен туған жерін нағыз сүйген, оған қашан да адал қызмет еткен, сын сағатта Отанын жан аямай қорғаған және қол бастап, жауды жеңуге ерен үлес қосқан ер. «Патриотизм – Отанға, елге деген махаббат!», «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз», – деген Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері ұрпақ үшін өнеге.