ДАРА ЕТІСТІК-бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген.Бұл сөйлемдегі салғызды, жамырағанын, сезген деген етістіктер дара етістіктер болып табылады. Өйткені бұлар — бір ғана сөзден тұратын етістіктер.
КҮРДЕЛІ ЕТІСТІК-Екі не одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосактағы қойлар да маңырап жатыр екен.
БОЛЫМДЫ ЕТІСТІК-етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы II жақ тұлғасымен сәйкес келеді.
БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІК-қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалы амал-тәсілдер арқылы беріледі.