Дар Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кайырым-
дылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Адамның айна-
ласындағыларға деген ықыласы мен көмегі адамгершілік қарым-
қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры
бар: бірі - рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен
ауыртпалықты қабылдау), екіншісі - іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде
нақты көмек беруге ұмтылу).
Сондай-ақ қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық
болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, ба-
тылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық қайы-
рымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткір-
лігі, сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты
жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады.
Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау –
қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол
адамды «қайырымды адам» дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын,
жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды «қайырымсыз» деп атайды.
Кайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те
түсінуге болады. Ол кейде әлеуметтік жағдайы төмен жандарға
көмектесумен, қайыр-садақа берумен де көрініс табады. Қазір
біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған,
қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.
Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігінен
А матіннен басты ойды ашатын үш сөйлемді тауып жазыңдар,
әмәтіндегі есімшелерді тауып, олардың сөйлемдегі қызметін анықтаңдар
о
Б Мәтіннен күрделі етістіктерді тауып, талдаңдар.​

alek09 alek09    2   10.12.2020 07:30    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi