Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген – қазақстандық әуесқой боксшы. Ол – 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Даниярдың әкесі – оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс. Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл, тәжірибе де аса қажет.
Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді. Қазір Данияр үйленген. Отбасы, балалары бар. Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды. Бүгінгі таңда боксшы отбасымен Елордамыз Астанада тұрып жатыр. Ал туған ағасы шетелде тұрады.
1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
Мәтіндегі ақпараттар шын жалған
А Бас кейіпкердің туған ағасы бар.
В 2010 жылы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанады.
С Отбасылы. Қазіргі кезде еліміздің бас қаласында тұрып жатыр.
ТОЛЬКО С НОРМ ОТВЕТОМ
А. Бас кейіпкердің туған ағасы бар.
Шын
В. 2010 жылы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанады.
Жалған
С. Отбасылы. Қазіргі кезде еліміздің бас қаласында тұрып жатыр.
Шын