 nuriksabirjan 
                                                03.11.2020 20:14
                                                
                                                nuriksabirjan 
                                                03.11.2020 20:14
                                             1Алексей123451 
                                                03.11.2020 20:14
                                                
                                                1Алексей123451 
                                                03.11.2020 20:14
                                             jjjghhgg6 
                                                03.11.2020 20:07
                                                
                                                jjjghhgg6 
                                                03.11.2020 20:07
                                             Лейла0044 
                                                23.06.2019 09:50
                                                
                                                Лейла0044 
                                                23.06.2019 09:50
                                             diken1 
                                                23.06.2019 09:50
                                                
                                                diken1 
                                                23.06.2019 09:50
                                             BlasterGloGang 
                                                23.06.2019 09:50
                                                
                                                BlasterGloGang 
                                                23.06.2019 09:50
                                             kucharin 
                                                23.06.2019 09:50
                                                
                                                kucharin 
                                                23.06.2019 09:50
                                             робот60 
                                                29.10.2020 05:44
                                                
                                                робот60 
                                                29.10.2020 05:44
                                            
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы –тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Б.Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат. Бауыржан Момышұлы – соғысты өз көзімен көрген жазушы. Ол – суреткер. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы. Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі.
Объяснение: