Да нужна мне мне полностью на казахском надо рассказ о !

Andreyzem4 Andreyzem4    3   29.07.2019 11:30    2

Ответы
9305153 9305153  31.07.2020 22:19
Түйе — сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Оңтүстік американың таулы аймақтарында таралған түйетек және түйебас та осы отрядқа жатады. Олардың денесі түйеден кіші, өркеші болмайды. Олардың қолға үйретілген қолтұқымдары таутайлақ (лама) және кекілеш (альпака) деп аталады. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астынғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп тайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап шөгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi