Чем отличается домбра от сыбызгы​

dayana13112007 dayana13112007    2   23.01.2020 17:06    15

Ответы
RaSyL111 RaSyL111  11.10.2020 02:47

Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады.Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi