«Царь Саков» А. Дузелханов 1. Саңтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны
жоғары болды. Одақты саң көсемдерінің кеңесі сайлаған патшалар биледі. Тайпа көсемдерін
тайпа мүшелері сайлады. Сақ қоғамы үшке бөлінді: әскерлер, абыздар, ру мүшелері (егіншілер,
малшылар, қолөнершілер және т.б.). Патша мен әскер көсемдерін тек қана әскер тобынан
сайлады. Адамзат дамуының бұл кезеңін «Әскери демократия» деп атайды. Сақ жауынгерінің
қару-жарағы мен сауыт-сайманы түгел болған. Еуропада мұндай қарулар орта ғасырларда ғана
пайда болды.
2. Геродот: «Біз білетін халықтардың барлығынан да скиф халқы данышпан... Өздері
разылық етпесе, олардың еліне басып кірген ешбір жау сақтарды жаулап ала алмайды.
Олардан қашып та құтыла алмайды. Өйткені скифтердің қаласы, қамалы жоқ. Баспанасын
өздерімен ала жүреді, барлығы аттылы, садақ атқыштар; олар жеңімпаз. Ешкім жеңе алмайтын
болмағанда қайтеді! Скифтер өздерін де, аттарын да сауытпен қорғаған», – деп жазған.