БЖБ No 1 Айша бибі кесенесі. Айша бибі кесенесі — XI-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл
ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған
өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік
ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң
қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол
кесене ЮНЕСКО катарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Калдаур, 1938 — 39 жылы А.Н.
Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953
жылы Қазақстан Ғылым академиясының экспедициясы зерттеген.
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға
болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қаталған оюға толы толығымен кесілген
терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен
aTTaran.
Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр
Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің гашыгы
Караханга бара жатқан жолында жыланның шаққанынан кайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі
Караханның әйелі. Күмбезді сол Карахан (Әулие ата) салдырган.
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыр (2-3 сұрақ),бірге,бөлек және дефис арқылы
жазылатын сөздердің астын сызыңыз. составить 3 вопроса и 8-10 ключевие слова
1 - тапсырма
1) Айша бибі кесенесі қаншасыншы ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші ?
2) Қай жерде орналасқан ?
3) Туристтерді не қызықтырды ?
2 - тапсырма
Бірге жазылатын сөздер : Кесене , әртүрлі .
Бөлек жазылатын сөздер : ЮНСКО , Айша бибі , Қарахан батыр , В.А. Қалдауыр , А.Н. Бернштам , КСРО , Ғылым академиясы , Қазақ филианы , Исмаил Самани , Орталық Азия , Әулие ата .
Дефис арқылы жазылатын сөздер : мемориалдық-дәстүрлік , сән-салтанаты