Буыршының жалғыз қырқар азуы.бөкеннің желіп өтер төрт саны. бұғының ауыр қара мүйізі.бидайықтың жалғыз соғары.қашағанның ұзын құрығы.ақ орданың тіреу сырығы-деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңізші

Vitalik200220 Vitalik200220    1   09.09.2019 07:50    64

Ответы
gavul79 gavul79  07.10.2020 02:59

Өлең жолдарында кездесетін көркемдегіш тәсілдер:

1) Аллитерация кездеседі:

Буыршының жалғыз қырқар азуы.

Бөкеннің желіп өтер төрт саны. Бұғының ауыр қара мүйізі.

Бидайықтың жалғыз соғары,– деген жолдардың басында "Б" дыбысы қайталанып тұр.

Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Автор бұл әдіс арқылы әдеби тілді ажарлап,сөздің реңін келтіре түсті.

2) Өлеңде бірнеше эпитет бар:

Олар: жалғыз қырқар азуы,желіп өтер төрт саны,ауыр қара мүйізі,жалғыз соғары,ұзын құйрығы,Ақ Орданың.

Эпитет  – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын көркемдегіш тәсіл.Автор эпитет арқылы заттардың сипатын ерекшелеп тұр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi