Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар: 1) көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, қонақпен, оқулықпен, т.б. 2) -нікі (-дікі, -тікі), -тай, -тал, -еке. Мысалы: Әсемдікі, әкетай, өсімтал, Қалеке, т.б. 3) -бей, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -хана, -кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш, емхана, зиянкес, т.б. 4) -ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина. Мысалы: Әуезов, Жұмабаев, Бегалин, т.б. 2. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. 1-деңгей. Оқылым мәтінінде қою қаріппен берілген сөздердегі буын үндестігін түсін- діріңдер. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер бар ма? Себебін анықтаңдар. 2-деңгей. Мәтіндегі амандасуды, сыпайылықты білдіретін сөздер мен тіркестерді қа- тыстырып сұхбат құрыңдар. 3-деңгей. «Мәтіндегі амандық сұрасудан нені байқауға болады?» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазыңдар. Буын үндестігіне бағынатын және бағынбайтын сөздерді бөліп көрсетіңдер. 5класс

VladislavAkinshin VladislavAkinshin    1   20.09.2021 13:02    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi