Буын(фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер: 1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды; 2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.). Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп); 4) Буында мағына болмайды; 5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді); 6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі); 7) сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды). Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып Буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың Буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде). Мысалы, Буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанмен, әрқайсысы бір-бір Буынды сөздер ретінде қаралады. Ондай дауыссыздарды Буын құраушы дауыссыздар деп атайды. Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін Буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт. Қазақ тілінде Буын құрамындағы дыбыстардың басын құрап тұратын фонететикалық заң — үндестік заңы (сингармонизм). Үндестік заңының әсерімен Буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз дыбыстар біркелкі жуан Буын (шана, жұлдыз) не жіңішке Буын (кө-мір, кү-шік), еріндік (жү-зүм, бү-күр) не езулік (қы-зық, жә-бір) болып айтылады. Егер тілімізде аралас (жуан, жіңішке) Буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Мысалы, педагог, параллелипипед, т.б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты. Тасымал.
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа - раторғай, қара - торғай, қаратор - ғай; күн - делікті, күнде - лікті, күнделік - ті, т. б. Санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау - ыл, бу - ын, қи - ыр, жи - ын, т. б.
Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т. б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т. б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11 - сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г, т. б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т. б керек өтініш койам