Бос орындарға қажетті сөздерді қой. Ертеде бір аңшы жігіт болыпты дейді. Сол аңшы жігіт биік таудағы
аңдарды аулап өмір сүріпті. Бірде сәті түсіп, бір маралды атып алыпты да, ішек қарынын
алып тастапты. Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт аң атуға ең ұрымтал жер осы еді ғой деп баяғы теңбіл маралды атқан жерге келсе,
ызыңдаған бір дауыс шалынады. Барлап қараса баяғыда өзі атқан маралдың ішегін
іліп алып ұшқан болса керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалған
көреді. Ызыңдаған дыбыс сол ішектен шығып тұрғандығын аңғарады.