Боранның қандай түрлері бар нужно: )

lizun10 lizun10    1   04.09.2019 17:50    5

Ответы
lychik1111 lychik1111  06.10.2020 17:30

Боран түрлері

Қыстың қаталдығын көрсететін табиғи дүлей күштің бірі – боран. Қарды бұрқыратып, ұйытқып соғатын күшті жел ретінде танылатын боранды қазақ халқы оның дүлей күшіне қарай, ашуы­на қарай, бағытына қарай, уақытына қарай, ұзақтығына қарай түрліше атайды.

Ақ боран – көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран.

Ақ түтек боран – алай-түлей түтеген боран.

Ақ шұнақ боран – бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы боран.

Аққұйрық боран – құрғақ аязды күні қарды ирелеңдете, бұралаңдата соғатын боран.

Ақ жорға – қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын, қарлы бұрқасын, боран.

Алай-түлей түтеген боран – ұйытқыған немесе бората соққан қатты жел.

Алақаншық боран – бір бәсеңдеп, бір ұйытқып соққан боран.

Дауыл боран – осқырған жел.

Долы боран – екіленіп соғатын боран.

Жаяу боран – жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран.

Жөпшеңді боран – кәдімгі боран.

Қара боран – түтеген шаңды аспанға көтеретін боран.

Құм боран – құмды, топырақты суырып, ұйытқи соғатын боран.

Майлы боран – қойны-қонышқа кеулеп соғатын қарлы боран.

Сұрапыл боран – қаруы қатты боран.

Сырғыма боран – қарды үрлеп жер бауырлай соғатын боран.

Тас боран – суырып соққан күші қатты боран.

Тентек боран – бір күшейіп, бір басылып соғатын боран.

Түтек боран – алай-түлей боран.

Ұйтқыма боран – ұйытқи соққан қарлы боран.

Үскірік боран – құрғақ, суық боран.

Ызғырық боран – өңменнен өтер ызғарлы боран.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Liladina Liladina  06.10.2020 17:30
Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi